Алматыда бизнеске келген шығын 112 миллиард теңгеден асты

Оның айтуынша, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде келген шығын есептеліп жатыр.

Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі — 112,6 миллиард теңге. Оның 67 миллиард теңгесі бизнес субектілеріне тиесілі.

Алматыдағы бүліктен кейін 240 нысан зардап шекті. Басым бөлігі есік- терезесін ауыстыруды қажет етеді және жартылай өртенген нысандар бар. Оның 27-і — мемлекеттік мекеме ғимараты, 216-ы — шағын және орта бизнес нысаны.

Әкімшілік ғимараттарға 22,6 миллиард теңге шығын келді. Алматы әкімдігі ғимаратына — 20 миллиард таңге, прокуратура ғимаратына – 2 миллиард, полиция департаменті мен бөлімшелеріне – 205 миллион, экобекеттерге -163 миллион, медицина нысандарына – 2 миллион теңгенің шығыны келген,- дейді ол.