Алматыдағы толқулар кезінде 149 адам қаза болған

Қазіргі күні 149 азамат қаза тапты, оның ішінде 11-і құқық қорғау органының қызметкері, — деді Қанат Таймерденов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бұған дейін Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев төтенше жағдай кезінде (5-14 қаңтар аралығында) мәйітханаларға қаза тапқан 225 адам жеткізілгенін хабарлады. Серік Шалабаевтың сөзінше, олардың бір бөлігі — терактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған қарулы қарақшылар. Қаза болғандардың 19-ы — полицейлер және әскери қызметкерлер. Қазақстан бойынша 4 578 жәбірленуші анықталды, оның 4 353-і жараланды, оның 3 393-і (78%-і) — құқық қорғау органдарының қызметкерлері.