Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасы атанды

Бүгін, 16 қаңтарда әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) кезекті рейтингі жарияланды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 12-орынға көтерілді. Ол америкалық София Кениннен үш ұпай озып кетті. Еленаның ұпайы — 2765.

Бұған дейін Қазақстанның әйелдер теннисі тарихында әлемдік рейтингіде ешкім 12-орында болмады.

Сонымен қатар қазақстандық Юлия Путинцева да бір саты жоғары көтерілді, ол қазір 1400 ұпаймен 42-орында тұр. Ал Зарина Дияс 108-орыннан 104-ке көтерілді. Оның ұпайы — 732.