Алматының Наурызбай аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген.
Ал ломбард иесі келтірілген материалдық шығынды 2 миллион теңгеге бағалаған.
Ұрланған смартфондар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты. Заттай айғақтар тәркіленді, — делінген хабарламада.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.