Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.
Ол мұның алдында сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.
Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы технологиялық университетін, Абердин университетін бітірген.
Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматыда туған. 2006 жылы Алматы технология университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс банк» АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сонымен қатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2010-2012 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қарасты Инвестициялық саясат департаменті, Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы міндетін атқарушы, сарапшы,
2012-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының басшысы,
2013 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің Мемлекет міндеттемелері басқармасының саясат басқармасының басшысы,
2013-2016 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары,
2016-2019 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2020 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.