Кәсіпкерлер елді қайта қалпына келтіруге 2 миллиард теңге қаржы бөлді

Біз достарымызбен бірге көптеген қайырымдылық жобаларға қаржылық қолдау танытамыз. Жеке, қоғамдық ұйымдар, аналар үйі, Iqanat және тағы сол сияқты нысандар бар. Ал ауыр қайғылы жайт болғанда біз бірігіп, қол ұшын созуға тырысамыз. Елдегі жағдайдан соң достарымызбен ақылдаса келе 2 миллиард теңге қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық. Аталған қаражат біраз мәселені шешуге септігін тигізеді деген үміттемін. Әрине, бөлінетін қаражат алдымен Алматыға, ондағы марқұм болған жандардың отбасы мен жақындарына жұмсалады. Содан соң Шымкент, Талдықорған, Тараз және тағы басқа қалаларға бағытталады, — деп жазды кәсіпкер, «BI Group» компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Instagram парақшасында.

Бизнесмен қазақстандықтарды қиын сәтте ұйымшыл болуға шақырды.