Қазақстан бойынша Jusan bank-тің 18 филиалы мен 95 бөлімшесі жұмыс істеп тұр

Клиенттерге кассалық есеп айырысу операцияларының барлық түрі, ұлттық валютадағы төлемдер мен аударымдар қолжетімді, банкоматтар желісі лимитсіз қолма-қол ақшаның қажетті қорымен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге Jusan bank клиенттері шетел валюталарымен операциялар жүргізе алады.

Әзірше Алматы және Жамбыл облыстарындағы 2 өңірлік филиал мен 11 бөлімше клиенттер қабылдамайды. Бұл аймақтарға террористік қауіптің қызыл деңгейі берілгендіктен, клиенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін банк қызметін уақытша тоқтатты.

Jusan bank басқарма төрағасы Айбек Қайып клиенттерге арнаған жолдауында «Біз үшін ең маңыздысы — клиенттеріміздің қаражатының сақталуы мен бөлімшелерге келген клиенттердің қауіпсіздігі. Кез келген күрделі жағдайда біз үшін ең маңыздысы — осылар» деді.

«Қызыл аймақта» тұрған Алматы бойынша 26 бөлімшенің 8-і арнайы режимде жұмыс істейді:

Алматы филиалы, Қажымұқан көшесі, 45 мекенжайы бойынша орналасқан, дүйсенбі мен жұма аралығында 09.00- ден 18.00-ге дейін;

№131 БҚКО, Розыбакиев көшесі, 247А мекенжайы бойынша MEGA Center СОО-да орналасқан, дүйсенбі мен жексенбі аралығында 10.00-ден 18.00-ге дейін;

№214 БҚКО, Мақатаев көшесі, 127 мекенжайы бойынша MEGA Park СОО-да орналасқан, дүйсенбі мен жексенбі аралығында 10.00-ден 18.00-ге дейін;

№259 БҚКО, әл-Фараби даңғылы, 15 мекенжайы бойынша «Нұрлы тау» бизнес орталығында орналасқан, дүйсенбі мен жұма аралығында 09.00- ден 18.00-ге дейін;

№161 БҚКО, Абай даңғылы, 111/107 мекенжайы бойынша, дүйсенбі мен жұма аралығында 09.00- ден 18.00-ге дейін;

— № 271 БҚКО, Радостовец көшесі, 183 А мекенжайы бойынша, дүйсенбі мен жұма аралығында 09.00- ден 18.00-ге дейін;

№ 270 БҚКО, Төле би көшесі, 83 мекенжайы бойынша, AMBASSADOR бизнес орталығы, дүйсенбі мен жұма аралығында 09.00- ден 18.00-ге дейін;

№ 269 БҚКО, Сәтбаев көшесі, 90/78 мекенжайы бойынша, «АДК» СОК, дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 10:00- ден сағ. 18:00-ге дейін.

Елімізде кассалық есеп айырысу қызметін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша өңірге байланысты ашық бөлімшелерде 16.00-ге дейін немесе 17.00-ге дейін жасауға болады.

«Қызыл» белгісін ресми түрде алып тастағаннан кейін барлық филиал мен бөлімше әдеттегі жұмыс кестесіне оралады. Алайда, Jusan bank клиенттері барлық қажетті операцияны Jusan және Jusan Business мобайл қолданбалары арқылы жүргізе алады. Қолданбалардың жұмысы толығымен қалпына келді, онлайн есеп айырысу мен төлемдер бойынша барлық операция істеп тұр.

Жұмыс режимі мен жұмыс істеп тұрған бөлімшелердің мекенжайларын мобайл қолданбалардан, сонымен бірге 7711 нөмірі бойынша байланыс орталығынан нақтылауға болады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 жылғы № 1.2.35/225/37 лицензия.