Басты бетҚоғамАлександр Данилов...

Александр Данилов ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағандыда туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған. Сонымен қатар жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылғы шілде айынан бастап Stopfake.kz жобсының жетекшісі болды.