3 қалада ауа сапасы нашарлайды

13 қаңтарда Риддер, Семей және Өскеменде 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорология жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.