Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 500-ге жуық видеокамера істен шыққан

Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталықтың құқықтық тәртіпті және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәлімет берілді.

Шұғыл әрекет ету орталығында қала аумағындағы шұғыл жағдайлар туралы түскен ақпараттар тәулік бойы үздіксіз жиналып, оларға талдау жасалады және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

1641991851 KZ1 4574 Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 500-ге жуық видеокамера істен шыққан

Президентке қаладағы террористік акті кезінде бұзақылардың мақсатты түрде 20 көшеге орнатылған 493 видеокамераны, видеобақылауды басқару және байланыс жүйесінің техникалық жабдықтарын істен шығарғаны  жөнінде баяндалды.

Үкіметтік комиссия мен әкімдікке бақылау жүйелерін түгелдей қалпына келтіру тапсырылды. Қаладағы тәртіпті 10 мыңға жуық видеокамера бақылайды.

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 500-ге жуық видеокамера істен шыққан
Фото: Akorda.kz
Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 500-ге жуық видеокамера істен шыққан
Фото: Akorda.kz