Бизнеске келтірілген шығын көлемі 103,7 миллиард теңгеден асты

Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Байланыс орталығына 4 833 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1 988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1 946,- делінген хабарламада.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдің 11 өңірінде 1 615 бизнес субъекті зардап шеккені анықталғанын, соның ішінде Алматыда 1 506 субъект бүлінгенін мәлімдеді.

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1 482; қоғамдық тамақтану – 44; қаржы секторы – 61; логистика – 23; БАҚ – 5.

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 миллиард теңгеден асты (Алматыда 102,2 миллиард теңге),- делінген хабарламада.

Айта кетейік, мына өңірлерде кәсіпкерлік нысандары жапа шеккен:

1) Алматы

2) Алматы облысы

3) Шымкент

4) Жамбыл облысы

5) ШҚО

6) Қызылорда облысы

7) Атырау облысы

8) Қарағанды облысы

9) Павлодар облысы

10) Маңғыстау облысы (қосылған аймақ)

11) Ақтөбе облысы (қосылған аймақ)