Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырды

Қазақстан — конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Мемлекет аз нәрсе тындырып жатқан жоқ. Республикалық бюджеттің 50%-тен астамы — әлеуметтік шығындар, бірақ бұл жеткіліксіз. Бізде ұлттық қор бар, ол – еліміздің қаржы тірегі. Бүгін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлемуеттік қорын құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі, — деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қор қаражатынан сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларға көмек беріледі.

Қалаларда, аудандар мен ауылдарда балаларға спорттық нысандар салынады. Дарынды балаларға көмек береміз. Мәдениетті қолдаймыз. Алматының қатігез трагедиядан кейін оңалуына көмектесеміз. Осы қор есебінен қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау жасаймыз, — деді президент.