«Халыққа көмектесетін кезі жетті». Президент байлар туралы айтты

Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлемуеттік қорын құруды тапсырды. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі.

Бұл президенттің немесе үкіметтің немесе басқа мемлекеттік органның қоры емес. Бұл — барлық қазақстандықтың қоры, халықтың қоры. Ол әкімшіліктің немесе Үкімет жанында жұмыс істемейді. Беделді бақылау кеңесі құрылады, әділ жауапты басшы тағайындалады, оның қызметінің толық ашықтығын, есептілігін және қоғамның бақылауында болуын қамтамасыз етеміз. Жоспарлар, бюджет және жобалар сайтта жарияланады. Барлық ақпарат ашық болады, — деді мемлекет басшысы онлайн режимде өткен Мәжіліс отырысында.

Президенттің айтуынша, қорды жеке және мемлекет арқылы қаржыландырылады.

Сонымен бірге қорға халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту да жоспарланып отыр.

Бұл қорға лотореялық қызмет операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа монополистердің міндетті аударымдары түсіп отырады. Әрине, біз ірі бизнес тарапынан ауқымды және тұрақты, астын сызып айтайын, тұрақты аударымдарды күтеміз. Бірінші президент — елбасы тұсында Елімізде өте табысты компаниялар тобы және тіпті халықаралық өлшемдер бойынша да өте бай адамдар пайда болды. Енді олардың Қазақстан халқына тиесіліні қайтаратын, жүйелі және тұрақты көмектесетін кезі жетті деп есептеймін. Сондықтан үкімет компаниялар тобын анықтап, қорға жыл сайын аударылатын жарналар мөлшерін бекітуі керек. Оған қоса, үлкен қаражатқа ие болып, көлеңкеде жүрген тұлғалардың да белсенді қатысуын күтемін. Бұл қор қоғамды топтастырудың тағы бір құралына айналып, азаматтарда әлеуметтік әділет сезімін нығайта алатынына сенімдімін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.