Жансейіт Түймебаевтың ұлы Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қаза болды

Бұл ақпаратты университет басшысының баспасөз хатшысы растады.

Қауесеттердің алдын алу мақсатында ҚазҰУ хабарлайды: 6 қаңтарда 18.35 шамасында коменданттық сағаттың басталуына бір сағат қалғанда Эльнар (Жансейіт Түймебаевтың ұлы) Назарбаев даңғылымен үйіне қайтып келе жатқан. Сәтбаев көшесіне жетпей қиылыстағы бағдаршамда белгісіз біреулер оның көлігіне оқ атқан. Ол оқиға орнында қайтыс болды, — деді университет өкілдері.

Университет мәліметінше, тергеу жүріп жатыр.

Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметіне 2021 жылғы ақпанда тағайындалды.

ДереккөзTengrinews.kz