Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы ассамблеясындағы қызметінен босатылды

Тиісті құжат Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, — делінген жарлықта.

Еске салайық, мұның алдында Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалғаны хабарланды.