Ислам Каримовке жасалған қастандық туралы кітап жарық көрді

Ташкентте Ислам Каримовтың туған күніне орай «Суикасд» кітабының таныстырылымы өтті.

Роман мазмұны 1999 жылғы ақпандағы нақты оқиғаларға негізделген. Ол кездері уахаббиттер Ташкентте террорлық акт дайындаған болатын. Президент Ислам Каримовке қастандық жасауды да жоспарлаған.

«Сюжет ауыр сынақтардан сүрінбей өткен ержүрек мемлекет басшысының образын көрсетеді. Автор қылмыстың егжей-тегжейі қалай ашылғанына кеңірек тоқталып, құқық қорғау органдарының жұмысын жүйелі жазған»-дейді Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі Хабиб Темиров.

Айта кетейік, теракт Ташкентте 1999 жылдың 16 ақпанында болды. Терроршылар негізгі үкіметтік объектілерге шабуыл жасауды көздеген.

ДереккөзBaq.kz