Алматыда тағы 1 200-ден астам адам ұсталды

Алматы комендатурасының мәліметінше, қаланың Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.

1 237 адам ұсталды. 31 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 428 оқ-дәрі тәркіленді. Блокпостарда 38 адам ұсталды.

«102» басқару пультіне небәрі 608 хабарлама келіп түсті. Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түсті. Барлық хабарлама өңделді, – делінген Алматы комендатурасының хабарламасында.

Еске салайық, кеше Байтұрсынов көшесіндегі үйлердің бірінің жалдамалы пәтерінде қаланың Алмалы ауданының полиция қызметкерлері сегіз ер адамды ұстады.