Қазақстанның ХҚО-лары өз жұмысын қайта бастады

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтарға кезең-кезеңімен барлық қызметтер қолжетімді болады, Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды ресімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды.

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚО-лар жұмыс істемейді. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның баспасөз қызметі Алматы мен Алматы облысындағы автоХҚО-лар мен ХҚО-лар жұмысының қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайтын болады, — делінген хабарламада.

Айта кету керек, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін. Бұған дейін Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты ХҚО-лар жұмысын тоқтатқан болатын.