6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-тармағы, мемлекетке опасыздық жасау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол күні осындай қылмысты жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Мәсімов және басқа адамдар ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жариялауға жатпайды, — делінген комитет сайтында.
56 жастағы Кәрім Мәсімов – Қазақстанды отыз жылға жуық уақыт басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көптен бергі үзеңгілесі. Назарбаев оны 2016 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындаған. Мұның алдында ол 2007-2012 және 2014-2016 жылдары екі рет премьер-министр қызметін атқарған.