Бердібек Сапарбаев жамбылдықтарға үндеу жолдады

Құрметті жерлестер! Кеше Тараздағы орталық алаңға жиналған халықтың алдына шығып, сабырға шақырып, заңсыз әрекетке бой алдырмауға, ортақ диалогқа келуге өтініш білдіргенмін. Алайда өкінішке қарай бірнеше жүздеген жастар қаладағы басты көшелермен жүріп өтіп, тәртіпсіздік пен заңсыз, бұзақылық әрекеттерге жол берді,- деді Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша 10-нан астам полиция көлігі аударылып, өртеніп, облыс әкімінің аппаратының ғимараты, орталық аумақтағы (Атшабар) «Каспий банк» бөлімшесі айтарлықтай зардап шекті.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Заң, тәртіп сақталу керек! Мемлекет мүлігіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу — заңмен қудаланады. Баршаңызды араңдатушылыққа бой алдырмауға, іріткі салудан аулақ болуға шақырамын! Қандай да бір заңсыз әрекеттердің барлығы үшін жауап беретіндіктеріңізді қатаң ескертемін!,- деді Жамбыл облысының әкімі.