Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Бұл туралы президент жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ол Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.

Сонымен бірге президент Ерлан Қаринді мемлекеттік хатшы етіп тағайындады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да