Ерлан Қарин мемлекеттік хатшы болды

Ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын, — делінген құжатта.

Мемлекет басшысының жарлығымен бұл қызметті бұған дейін атқарған Қырымбек Көшербаев лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа да қол қойды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да