Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1 қаңтарда Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Күндіз өңірдің солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

1 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады. Атырауда да тұман, көктайғақ.

1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда көктайғақ. Түнде және таңертең тұман түседі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да