Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев мәлімдеді.
Кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша профилактикалық шараларды енгізу ұсынылады:
- сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері;
- спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтары, йога орталықтары;
- караоке;
- бассейндер, сауналар, ванналар;
- банктер;
«Қазпочта» АҚ бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ashyq-та «жасыл» статусқа ие тұлғалар ғана кіре алады, — деді Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 15 өңір «жасыл» аймақта орналасқан. Ал Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан сары аймақта. Қызыл аймақта өңір жоқ.