Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты жаңа құжат табылды

Бұл туралы informburo.kz хабарлады.

Ғалымдар мен тарихшылар, жоғары оқу орындарының ұстаздары үлкен әрі маңызды іс атқарды. Солардың арқасында мұрағаттардан әлі бітпеген 2 847 адамның ісі табылды. Осы істердің 2 666-сы оңалту шараларымен қамтылуы тиіс. Комиссия өз кезегінде барлық қажет құжатты әзірлеп қойды. Мұнымен қатар, өз туысының тағдыры туралы білгісі келетін азаматтардың өтінішімен арнайы портал аштық. Мамандар әр өтінішті жіті қарап шығатын болады. Қазірдің өзінде 494 іс мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілгелі тұр, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Даниал Ахметов осы сәтте 494 істің мемлекеттік комиссия қарауына жіберілгелі тұрғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, комиссия күштеп жер аударылған 203 адамның ісін толық қарап шықты.