Басты бетҚоғамЕлімізде қанша...

Елімізде қанша түрме бар және оларда неше адам отыр?

Қазақстанда егемендік алған сәттен бастап барлық процесті, атап айтқанда қылмыстық-атқару заңнамасы саласындағы барлық процесті тиімді реттейтін қазіргі заманғы құқықтық жүйені қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр, — деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан қайта құрулар белгілі бір оң нәтижелер беріп жатыр. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан түрме индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігінде болды.

Кейінгі 20 жылда бас бостандығынан айыру орындарында ұсталғандар саны 2,5 есе азайды және қазір «Түрмедегі халық индексінде» Қазақстан 3-орынға көтерілді. Сонымен бірге еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде 80 мекеме бар. Оның 64-і бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға арналған және 16-сы тергеу изоляторы, — деді Жанат Ешмағамбетов.

Жанат Ешмағамбетов оларда 35 мыңға жуық адам барын, оның 30 мыңы сотталған, 4 мыңы тергеуде екенін айтты.

Олардың негізгі бөлігі, яғни 93%-3 ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқандар және 45%-і бұрын сотталғандар, — деді ол.