Қазақстанның төрт облысында түрме салынады

Қамауда ұстау жағдайларын жақсарту үшін Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің инфрақұрылымын жаңғыртудың жол картасы әзірленіп, бекітілді. Онда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында барлық халықаралық стандартқа сәйкес келетін 20 жаңа мекеменің құрылысы қарастырылған, — деді комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, 2022-2024 жылдар аралығында Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 4 ғимарат салу жоспарланып отыр.

Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстар өткен ғасырдың 30-70 жылдарында салынған. Олардың көпшілігі тозығы жеткен және апатты жағдайда, қылмыстық заңнаманың қатаңдатылуына байланысты 2020 жылдан бастап түрмедегілер санының өсуі байқалады, — дейді Жанат Ешмағамбетов.