Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалау туралы заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.