Синоптиктер болжамына сәйкес, елге солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронталды бөлімдер әсер етеді. Соған байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстікте жаңбыр болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, секундына 15-25 метрге дейін екпінді жел болады. Солтүстік жартысында бұрқасын болжанып отыр.
23 желтоқсанға қарай ауа температурасы төмендейді: батыста түнде -8…-23 градус, күндіз -5…-15 градус аяз болады.
Солтүстікте, шығыста және орталықта түнде -5…-15 градус аяз болады, күндіз 0…-8 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде -5…+5 градус, күндіз 0…+10 градус жылы болады.
Нұр-Сұлтанда 21 желтоқсанда қар жауады, түнде -5 градус, күндіз -1 градус көрсетеді. 22 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауады, түнде -7 градус, күндіз +1 градус болады. 23 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде -1 градус, күндіз +1 градусты көрсетеді.
Алматыда 21 желтоқсанда күн бұлтты болады, түнде +1 градус, күндіз +4 градусты көрсетеді. 22-23 желтоқсанда күн бұлтты, түнде +2…+3 градус, түнде +6…+9 градус жылы болады.
Шымкентте 21 желтоқсанда күн ашық, түнде +1 градус, күндіз +15 градусты көрсетеді. 22 желтоқсанда жаңбыр жауады, түнде +4 градус, күндіз +13 градус жылы. 23 желтоқсанда күн ашық, түнде +2 градус, күндіз +9 градус жылы болады.