Өткен жылдан бастап «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасын дамыту аясында Қазақстан 30-40 жыл жұмыс істейтін үлкен келісімді дайындауға кірісті.
«Бұл Іле-Балқаш аумағындағы экожүйені қалпына келтіруге, жолбарыстар популяциясын жандандыруға бағытталған. Жабайы табиғат қоры бұл бастаманы бірнеше жыл бұрын ұсынған. Алайда бұл мәселе бойынша нақты қадамдар енді жасалып жатыр. Қазір Қор мен Үкіметтің арасында жобаға 10 миллион еуро бөлу туралы келісім дайындалып жатыр. Келісімшартқа 2017 жылдың 8-9 қыркүйегінде қол қойылады, EXPO-2017 аяқталар тұста», — деді Салтанат Рахымбаева.
Осыған байланысты қыркүйек айының басында БҰҰ елшісі және WWF жолбарыстарды сақтау бағдарламасының елшісі Леонардо Ди Каприо да келеді. Отандық коалиция төрайымы қазір осы іс-шара өтетін орын бөлу туралы мәселе қаралып жатқандығы туралы жеткізді.
«Сондықтан климаттың өзгеруі бойынша бірінші және әзірше жалғыз елші Леонардо Ди Каприоны Қазақстанға шақыру туралы бастамамыз іске асуы керек. Өйткені осындай тұлғалар сапарының қаржылық жағы мен Қазақстанда болуын ұйымдастыруды Жабайы табиғат қоры өз мойнына алады», — деп аяқтады сөзін Салтанат Рахымбаева.
Айта кетейік, бұған дейін Леонардо Ди Каприо EXPO-2017 көрмесіне шақырылатыны хабарланған еді.