Министр техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлерін марапаттады

Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлерімен кездесу өткізіп, ведомстволық наградаларды табыс еттім. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ардагерлері білім беру үдерісін жақсартуға бағытталған көптеген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге атсалысып, жалпы білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін лайықты марапаттарға ие болды,- деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Аймағамбетов білім беру ардагерлерімен кездесулер маңызды екенін атап өтті.

Білім беру ардагерлерімен кездесулер мен үшін әрдайым маңызды. Өйткені олар құнды тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру процесін жетілдіру үшін өздерінің көзқарастары мен ұсыныстарын айтады. Біз бүгін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жетістіктерді, өзекті мәселелерді, техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлаудың сапасын жетілдіру бойынша көзделген жоспарларды талқыладық. Біздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білім беру үздіктері – ардагерлерімізге, сонымен қатар бүгін мыңдаған колледж студенттерін оқыта отырып, техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына күн сайын үлес қосып жүрген колледж педагогтеріне ерен еңбегі үшін алғыс айтамын, — деді Асхат Аймағамбетов.