Астанада бүгін бастауыш класс оқушылары қашықтан оқиды

Бұл туралы Нұр-Сұлтанның білім басқармасы хабарлады.

Нұр-Сұлтанның білім басқармасы 13 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымдағы 0-4-класс оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілетіндігін хабарлайды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін астанада күн бұлтты, сынап бағаны таңғы уақытта 22 градус шамасында суықты көрсетіп тұр.