«Face ID, GPS-трекер». Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігін алу қиындады

Атап айтқанда, емтихан тапсыратын адамның бет-әлпетін танитын Face ID аналогы орнатылды. Сонымен бірге астаналық автодром автоматтандырылды.

Енді емтиханға арналған автокөліктер арнайы GPS-трекермен жабдықталған. Ол көлік жүргізу бойынша практикалық емтиханды егжей-тегжей бақылайды. Талап күшейген соң, жүргізуші куәлігін алу да қиындай түсті. Қараша айында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсырған 2 000 адамның тек 99-ы ғана куәлік алған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сервис жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев астананың мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы автодромды жаңғыртуға 60 миллион теңге жұмсалғанын мәлімдеді.