Басты бетЖаңалықтарЖел, көктайғақ,...

Жел, көктайғақ, тұман: 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Жұма күні әлі де ауқымды антициклонның ықпалымен еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, еліміздің батысында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге күшейеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман түседі, күндіз Алакөл көлдерінің ауданында жел секундына 18-23 метрге күшеюі ықтимал.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метрге күшеюі күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығыс және орталығында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-батысында көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында және орталығында жел секундына 15-20 метрге күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жел тұрады, жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Қызылорда облысының орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.