Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды

Әлеуметтік желіде бір топ адамның жол бойында жаға жыртысқан сәті түсірілген видео тарады.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 9 желтоқсанда сағат 2.42-де 102-ге Құдайбердіұлы даңғылында төбелес болғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.

Оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, қоғамдық тәртіпті бұзғандар түнде бардан шыққан. Кейін төбелесіп қалған, — делінген хабарламада.

  • Бұл фактіге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.