Нұр-Сұлтанда бүгін оқушылар қашықтан оқиды

Бұл туралы Нұр-Сұлтанның білім басқармасы хабарлады.

9 желтоқсаннан бастап ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқиды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, астананың білім басқармасы мұның алдында бүгін І ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматында өтетінін хабарлаған еді.