Әлеуметтік желіде Бауыржан Момышұлы көшесіндегі «Алматы Арена» кешені маңында болған жол апаты туралы ақпарат тарады. Онда автобус жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кеткені хабарланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция оқиғаның 9 желтоқсан сағат 6.10 шамасында болғанын хабарлады.
Saz HC 40 маркалы автобус тізгініндегі жүргізуші Бауыржан Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, 65-үй маңында 1961 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты, — деді полициядан.
Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
