Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады — жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, солтүстікте жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Тек еліміздің шығыс өңірлерінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында жел күшейеді.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді, облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Жамбыл облысының таулы, тау бөктері аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр болады.
Ақмола, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстігінде және шығысында тұман, Ақмола облысының батысында көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Алматы облысының Алакөл көлдерінің аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.