Қазақстанда қаржы секторына салынған инвестициялар көлемі 12,1% өсті

Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және ел мен аймақта шетел капиталының болуын кеңейту перспективалары талқыланды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының өңірге қажетті бірегей инфрақұрылымына ерекше назар аударылды.

Үкімет басшысы экономиканың сенімді қалпына келу серпіні аясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанын атап өтті.

Биылғы он айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 3,5% дейін жеделдеді. Қалпына келудің неғұрлым жоғары қарқынына құрылыста (+7,6%), өңдеу өнеркәсібінде (+5,3%) және қызмет көрсету саласында (+3,4%) қол жеткізілді. Экономиканың белсенді қалпына келуі аясында тікелей шетелдік инвестициялар ағынының өсуі байқалады. Биылғы жылдың 10 айында қаржы секторына салынған инвестициялар көлемі 12,1% өсті,- делінген хабарламада.

Шетелдік компаниялардың өкілдері шетелдік инвесторлар үшін жағымды сигналдардың бірі 2020 жылы Лондон қор биржасы (LSE) мен AІX-тегі Kaspi.kz табысты IPO-сы болғанын атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да