Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алты қалада ауа сапасы нашарлайды

©inform.kz

Синоптиктер мәліметінше, сенбі күні ауа сапасы Алматы, Нұр-Cұлтан, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалаларында нашарлайды.

Өзге қалаларда метеорологиялық жағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мақалаға реакция