Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Болжам бойынша, 4 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал оңтүстік өңірлерге оңтүстік циклон әсер етеді: жаңбыр, құмды дауыл, жел болады деп болжанады.

5-6 желтоқсанда Республиканың көп облыстарына солтүстік-батыс циклон әсер етіп, атмосфералық фронталь бөліктерге байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады.

Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз — 3 градус жылы, күндіз 3 градус аяз — 5 градус жылы, солтүстік-батыста ауа температурасы аздап төмендейді — түнде 6 градус аяз — 3 градус жылыдан 3-11 градус аязға дейін, күндіз 0-8 градус аяз, солтүстікте температура төмендейді — түнде 5-13-тен 10-18 градус аязға, күндіз 2-10-нан 5-13 градус аязға дейін, республиканың шығысы мен орталығында ауа температурасы ауытқыйды — түнде 5-13-тен 10-20 градус аязға дейін, күндіз 0-10 градус аяз, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 2 градус аяз — 7 градус жылы, күндіз 2-12 градус жылы, — делінген хабарламада.