Басты бетҚоғам"Зейнетақы жинағының...

«Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі екі есе өседі». БЖЗҚ себебін түсіндірді

Әдістемеге сәйкес, ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) ескеріледі.

Бұл ретте «Республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі, — деп түсіндірді Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.

Сонымен бірге әдістемеге бойынша ең төменгі жеткілікті шек мөлшерін анықтау кезінде Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы және Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша жыл сайынғы негізде қабылданатын көрсеткіштер пайдаланылады.

2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан (атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылы қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өседі) 2022 жылға ең төменгі жеткілікті шек мөлшері де көбейтілді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2021 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Ол азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сонымен бірге жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.

Бұл құқықты зейнетақы жинағының сомасы ең төменгі жеткілікті шектен асатын салымшылар пайдалана алады.

2021 және 2022 жылдардағы шекті мөлшерлерді Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сайтынан көре аласыз.