Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
«Қызыл» статусы бар адамдар ПТР тестілеуінің оң нәтижесі анықталған күннен бастап 14 күнді қоса алғанда, өзін-өзі оқшаулауда (үй карантинінде) болуы керек. Осы уақыт аралығында олар вирустың белсенді таратушысы болып саналады және нәтижесінде айналасындағы адамдарға жұқтыру қаупі басым болады,- делінген хабарламада.
- Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын карантиндік-шектеу шараларын, оның ішінде үй карантинін «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарды бұзбауға шақырады.
