Есік өзенінің бойы халық серуендейтін аймақ болады

Бұл туралы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба бойынша өзен бойында қалыптасқан дәстүрлі классикалық стильдерге шағын архитектуралық пішіндерді біріктіру көзделуде. Абаттандыру алаңының ұзындығы шамамен 1 шақырым болады.

Сол жағалауда 3 ойын алаңы, 1 воркаут, велотрек және жаяу жүргіншілер жолы, ал оң жағалауда бір-бірден хоккей алаңы мен шағын футбол стадионы, 2 автотұрақ бой түземек. Сонымен бірге, айналасын көпжылдық қылқан жапырақты ағаштармен көгалдандырмақ, — делінген хабарламада.

Аудан әкімі Әлібек Әскербекұлы қала әкімі мен құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын әрі уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Есік көлі, Алматы облысы
Фото: Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұл жоба үш кезеңмен жүзеге асады. Биыл шамамен бір шақырымын аяқтау жоспарлануда. Алдағы жылдары абаттандыру ретімен жүйелі жүзеге асады.