Петропавл әуежайы жабылды

Qazaq Air компаниясының сайтында Петропавлға бағытталған рейстер тоқтатылғаны хабарланған.

Петропавл әуежайының жарамдылық сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға байланысты 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығында барлық рейстің (IQ437 және IQ438) тоқтатылатыны туралы хабарлайды, — делінген Qazaq Air авиакомпаниясының сайтында.

Жолаушыларға билет құнын толық қайтару ұсынылды. Қайтару билеттерді сатып алу орны бойынша жүзеге асырылады. Тамызда Qazaq Air әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан — Петропавл және кері бағыт бойынша әуе қатынасы жаңартылған.

Жергілікті басылым мәліметінше, желтоқсанға жоспарланған Петропавл — Омск — Новосібір бағыты бойынша халықаралық рейстер кестеден жоғалып кеткен.

Басылым мәліметінше, SCAT әуекомпаниясының сайтында әзірше Түркістан — Петропавл бағыты бойынша билет сатып алуға болады, бірақ ол да жақын арада өзгеруі мүмкін.