Алматыда 1 желтоқсан күні қайда баруға болады?

Алматының мәдениет басқармасы 1 желтоқсанға арналған мәдени іс-шаралар тізімін жариялады.

Сағат 11.00-де Республика сарайында Алматы әкімі қатысатын «Елбасы. Жастар. Болашақ» іс-шарасы, сонымен бірге Тұңғыш президент күні аясында гала-концерт өтеді.

Сағат 18.00-де Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында белгілі скрипкашы Марат Бисенғалиевтің «Алматы — тәуелсіздік бесігі» атты концерті өтеді.

30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш президент күніне арналған «Қыран – 2021» республикалық турнирі өтеді.

1 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың жүлдесі үшін дәстүрлі «Мықтылар турнирін» өткізу жоспарланған.

Сонымен бірге 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Тұңғыш президент күніне арналған шаңғы жарысынан қаланың ашық біріншілігі өтеді.

Тұңғыш президент күніне орай, қайырымдылық шаралары да өтеді. Алматы әкімдігі Halyk қорымен бірлесіп, 2  мың азық-түлік пакетін таратуды жоспарлап отыр.