25 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның 1-ші компонентін 8 677 674 адам, 2-ші компонентін 8 008 545 адам салдырды, – делінген хабарламада.
Вакциналау бойынша Түркістан облысы мен Алматы көш бастап тұр. Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 1 024 164 адам салдырған. Ал Алматыда екпе алғандар саны – 1 019 877.
Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 179 751 адам ғана коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 946 адамнан коронавирус анықталды.
