Денсаулық сақтау министрлігінің 18 қарашадағы мәліметі бойынша, 31 475 адам (–26 913+ және 4 562 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 6 454 пациент, амбулаторияда 25 021 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 506 адамның жағдайы ауыр, 125 пациенттің жағдайы өте ауыр. 91 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 083 адамнан коронавирус анықталды.
