«Күшейген толқын ұлдары»
Испаниялық фотограф Антонио Арагон Ренунсио «2021 жылдың ең үздік қоршаған орта фотографы» атанды. Оның түсірген суреті «Күшейген толқын ұлдары» деп аталады. Онда Гана жағалауындағы қираған үйде ұйықтап жатқан бала бейнеленген.
Фото авторы жұмысы арқылы Батыс Африка елдеріндегі теңіз деңгейі көтеріліп, салдарынан тұрғылықты халықтың панасыз қалу проблемасын көрсетуге тырысты.
Антонио Арагон Ренунсо байқауда жеңіске жеткені үшін 10 000 фунт стерлинг ұтып алды.
«Инферно»
Үндістандық фотограф Амаан Али «Инферно» деп аталатын жұмысы үшін «Жылдың жас фотографы» атанды. Оның суретінде бір бала ел астанасы Делидің шетіндегі Ямуна-Гхат аймағындағы өртпен күреседі.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аудан халқының тұрмысы нашар, ал ормандағы өрт қалыпты нәрсеге айналған.
«Өмір үшін күрес»
«Қарсылық» номинациясын Бангладеш фотографы Ашрафул Ислам жеңіп алды. Ол қуаңшылық салдарынан ойылған жерден шөп іздеп таппай жүрген қой отарын түсірген. Автор жұмысын «Өмір үшін күрес» деп атаған.
«Биофотосинтез реакторы»
Исландияның Algalif компаниясының биофотосинтез реакторы түсірілген фото «Жасыл қалалар» номинациясын жеңді. Бұл құрылғы адам өміріне қажет табиғи органика астаксантинді жасау үшін таза геотермал энергияны пайдаланады.
Исландия қазбалы отынды пайдаланудан бас тартып, электр және жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көзін пайдалануға көшті. Фото авторы — Симоне Трамонте.
«Жасыл тосқауыл»
Үндістандық Сандипани Чаттопадхай жауын-шашынның азаюына және құрғақшылыққа себеп болатын Дармовар өзеніндегі балдырлардың гүлденуін фотоаппаратына түсіріп алған.
Байқауда бұл фото «Су және қауіпсіздік» категориясы бойынша жеңіске жетті.
«Соңғы дем»
«Соңғы дем» аталатын бұл фотода табиғи факторлардың адам өміріне әсері көрсетілген. Мұнда бала құмды дауыл кезінде өсімдіктен тыныс алып тұр. Бұл туынды «Табиғаттың күші» номинациясына лайық деп танылды. Авторы — кениялық Очиенг Оньянго.
«Су тасқыны»
Мишель Лапинидің «Су тасқыны» фотосуреті «Болашақ» категориясы бойынша жеңімпаз атанды. Фотосуретте Италиядағы Панаро өзені бойындағы үйді нөсер жаңбыр мен жақын маңдағы алқапта еріген қар суы басқан.
«Ілмектегі балақай»
Селия Кухала бұл суретті Калифорнияның оңтүстігіндегі Коронадо аралында түсірген. Оның айтуынша, теңіз арыстаны құдды бір одан көмек сұрағандай болған.
«Таза энергия»
Португалия фотографы Педро де Оливейра Симош Эстевештің фотосуретінде аспанды қою бұлт қаптаған кездегі жел электрогенераторларын көруге болады.
«Өзенде балық аулау»
Бангладеш өзендеріндегі балдырлар мен мүктер ерекше. Сонымен бірге мұнда балық көп. Елдің кей аймағының негізгі табыс көзі мен күнкөрісі — балық аулау. Бұл фотосуретті Ашрафул Ислам түсірген.
«Пластикке көмкерілген қоршаған орта»
Бұл фотосурет Бангладештің Читтагонг қаласындағы пластик өңдейтін зауытта түсірілген. Авторы — Субрата Дей.
«Хош иісті құрғақ таяқшалар»
Ханой маңындағы Куан Фу Кау «хош иіс ауылы» деп аталады. Мұнда вьетнамдықтар ғасырлар бойы хош иісті таяқша жасап келеді. Фотограф Азим Хан Ронни олардың жұмыс істеп жатқанын фотоға түсірген.
«Немо бақшасы»
Немо бақшасы – су асты шаруашылығын дамытуға арналған жоба. Оның авторлары өсімдіктердің өсуі қиын аймақтарда егіншіліктің балама әдісін табуға тырысып жатыр. Фото авторы — Джакомо Д’Орландо.
«Ластанған Буригано өзені» — Азим Хан Ронни
«Балшық аңғары» — Елена Пахалюк
«Шөлдегі собор» — Джей Хуанг