Жаңа жылды тойлауға 920,8 млрд теңге жұмсалған

2017 жылды қарсы алуға жұмсалған қаражат өткен жылға қарағанда 37,6%-ға, 2015 жылға қарағанда 16,7%-ға көп.

Аталған қаражаттың 40%-ы Астана мен Алматы қалаларында жұмсалса, 10,3%-ын шығысқазақстандықтардың саудасы құрап тұр. Қала тұрғынының орташа чегі 91 мың теңгені болды.

Жалпы алғанда, 2016 жылы қазақстандықтар 7,66 триллион теңгеге сауда жасаған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп.

Дереккөзranking.kz